ЖШС Теңізшевройл қаржыландырып отырған бұл жобаны Атырау Облыстық және Қалалық білім беру басқармасы, Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы және Атырау облыстық Әкімият қолдауымен IREX жүзеге асыру үстінде.
«Ақпараттық технологиялар дәуірінің жастары» атты жоба Қазақстанда бірінші рет. Бұл жоба 8-ші және 10-шы сынып оқушылары арасында сыныптан тыс уақытта өткізіледі. Әр мектепте екі мұғалім клуб ұйымдастырады, біреуі ақпараттық қарым-қатынас технологиясынан, екіншісі көшбасшылық қасиеттерін арттыру және қоғамдық жобаларды жүргізу сабақтарын береді.
Бағдарлама мақсаттары:
1. Интернет желісін мектепте де, кітапханада да оқу процесінің ажырамас бөлігі ретінде қолдану;
2. Атырау жастарына дамушы елге ауадай қажетті жаңа дағдыларды үйрету және келешекте олардың жұмысқа тұру мүмкіндіктерін арттыру;
3. Атырау жастарының көшбасшылық және интеллектуалды- шығармашылық дағдыларын қалыптастыру;
4. Қоғам қажеттіліктеріне қызмет ету арқылы жастарды қоғамның дамуы мен мәдени атамұраны сақтап қалуға атсалыстыру.
Қатысу: Жобаға Атырау қаласы мен қала төңірегіндегі барлық мектептер қатысуға шақырылады. Қатысу үшін мектеп директоры және екі мұғалім (бірі ақпараттық қарым-қатынас технологиясы, ал екіншісі көшбасшылық қасиеттерін арттыру жөніндегі іске жауапты) қызығушылық хатын электронды пошта арқылы АЙРЕКСке жіберуі тиіс. Мұғалімдер жартылай жұмыс күн істейді және қаржылай өтемақы алады.
Негізгі
шаралар: (өзгеріс болуы мүмкін)
- 31-наурыз: Мектептердің аталмыш жобаға тіркелуінің соңғы күні.
- 8–21 сәуір: Мұғалімдерге арналған дайындық тренингі.
- 22-сәуір: Жобаның басталуы.
- 19-маусым: Мұғалімдердің көктемгі келісімшарттарын аяқтау.
-
15-маусым – 15-тамыз: Балалардың қоғамдық қажеттіліктер негізінде жасалған жазғы қоғамдық жобаларын жүзеге асыруы.Қыркүйек: Оқушылардың белсенділік көрсеткіші бойынша осал мектептерді қысқарту.
- Қыркүйек-қараша: Оқушылырды оқытып, қолдау көрсету; финалисттерді таңдау кезеңі.
- Қараша: 12-15 қатысушыларға арналған финалисттер конференциясы